Мемлекет басшысы «Қорқыт ата» халықаралық әуежайының жаңа терминалымен танысты
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қызылорда облысына сапары «Қорқыт ата» халықаралық әуежайының жаңа терминалымен танысудан басталды, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президентке әуежай қызметі, ішкі және халықаралық әуе рейстеріне қызмет көрсету процесі жөнінде баяндалды.
Мемлекет басшысына жолаушыларды тіркеу және тексеру аймақтары, шекаралық-кедендік бақылау пункттері, күту залы, сондай-ақ автоматтандырылған жүк беру жүйесі көрсетілді.

Жаңа терминал былтыр қараша айында ашылған. Жобаға 16,6 миллиард теңге көлемінде жеке инвестиция салынды. Жергілікті бюджеттен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын жүргізуге 4,3 миллиард теңге бөлінді.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 14:08
Президентке Қызылорда облысының инвестициялық жобалары таныстырылды
Бүгін, 13:40
Нұрлыбек Нәлібаев Президентке өңірдің дамуы жөнінде есеп берді
Бүгін, 12:57
«Қорқыт ата» әуежайының өткізу қабілеті жылына 500 мың жолаушыға дейін ұлғайды
Бүгін, 12:11
Президент жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барды
