«Қайрат» пен «Семей» Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде бақ сынайды
Қазақстандық «Қайрат» пен «Семей» бүгін футзалдан UEFA Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі ойынын өткізеді.
«Қайрат» төртінші топта сынға түседі. Қарсыластары – «Спортинг» (Португалия), «Приштина» (Косово) және «Ново Вриеме» (Хорватия).
29 қазан мен 1 қараша аралығында жспарланған кездесулер Хорватиядағы Макарска қаласында өтеді.
Алдымен алматылық команда 29 қазанда «Ново Вриеме» командасымен кім мықтыны анықтайды. Ойын «Qazsport» телеарнасынан Қазақстан уақытымен 23:50-де тікелей эфирде көрсетіледі.
Одан кейін «Қайрат» 30 қазанда «Спортингпен» шеберлік байқасса, үшінші турда «Приштинамен» алаңға шығады.
Тағы бір қазақстандық клуб «Семей» үшінші топта «Пальма» (Испания), «Хрудим» (Чехия) және «Этуаль» (Франция) клубтарымен кездеседі. Барлық ойын Испанияда «Пальма» клубының алаңында болады. Семейлік команда 29 қазанда «Хрудим», 30 қазанда «Этуаль», 1 қарашада «Пальма» командасымен шеберлік байқасады.
Үздік төрттіктің финалы 2026 жылдың мамыр айында Италияның Пезаро қаласында өтеді.
Еске салсақ, бұдан бұрын футзалдан 2026 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңін өткізуге өзгерістер енгізілді.
