Серджио Гор Қасым-Жомарт Тоқаевқа Америка Президентінің сәлемін жеткізді

Бүгін, 13:31
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
views58
Серджио Гор Қасым-Жомарт Тоқаевқа Америка Президентінің сәлемін жеткізді
Фото: Ақорда

Ол АҚШ сыртқы саясатындағы Орталық Азия өңірінің стратегиялық маңызын растады. Оның пікірінше, Вашингтонда өтетін алдағы кездесу екіжақты ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтереді, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

Әңгімелесу барысында энергетика, аса маңызды минералдар, цифрландыру, көлік және логистика салаларындағы өзара тиімді серіктестіктің әлеуеті қарастырылды. 

Бұдан бөлек, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге назар аударылды.