Президент Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті

Бүгін, 14:01
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
views58
Президент Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті
Фото: Ақорда

Мемлекеттер басшылары қазақ-беларусь қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылады. Сондай-ақ саяси диалог жоғары деңгейде және сауда-экономикалық, гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық дәйекті түрде дамып келе жатқанын атап өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

Тараптар халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Қазақстан Президенті Минскіде өтіп жатқан Еуразиялық қауіпсіздік жөніндегі конференцияның маңызына тоқталды.

Мемлекеттер басшылары алдағы бірлескен іс-шаралар аясындағы тығыз ықпалдастықты жалғастыруға уағдаласты.