Мемлекет басшысы Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды және бауырлас түрік халқын Түркияның ұлттық мейрамы – Республика күнімен құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Президент биыл Түркияға жасаған ресми сапары аясында Режеп Тайип Ердоғанмен мазмұнды келіссөздер жүргізгенін атап өтіп, Анкарада қол жеткізілген уағдаластықтар мен маңызды бастамалар екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға зор серпін беретініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанның жауапты қызметіне толағай табыс, ал бауырлас Түркия халқына құт-береке тіледі.
Ұқсас жаңалықтар
25 қазан, 2025
Мемлекет басшысы Таиланд Короліне көңіл айту жеделхатын жолдады
25 қазан, 2025
Қазақстан Президентінің атына Республика күніне орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
25 қазан, 2025
Президент өкімімен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары тағайындалды
25 қазан, 2025
Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады
