Биыл Қазақстанға 11 мыңнан астам қандас оралған

Бүгін, 10:16
Гүлден Мәдениет Гүлден Мәдениет
views44
Биыл Қазақстанға 11 мыңнан астам қандас оралған
Фото: Оңалхан Өнерхан

2025 жылдың басынан бері 11 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Еңбек министрлігінің мәліметіне сүйенсек, Қазақстанға келген қандастардың 45,7% Өзбекстаннан, 42,1% – Қытайдан, 4,5% –  Түрікменстаннан, 2,6% – Ресейден, 2,6% – Монғолиядан  және 2,5 басқа елдерден екен.

«Осы көшіп келген қандастардың арасында еңбекке қабілетті жастардың үлесі 58,4%, балалардың үлесі 32,8%, зейнеткерлердің үлесі 8,8%. Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 15,3% жоғары білімді, 28,4% орта кәсіби білімді, 50,6% жалпы орта білімді және 5,7% білім жоқ азаматтар», - деп хабарлайды Еңбек министрлігі.

Қандастардың көбі еңбек күші тапшы Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Атырау, Батыс, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстарына қоныстанған.