Парламент жасанды интеллект туралы заң қабылдады

Бүгін, 12:32
Гүлден Мәдениет Гүлден Мәдениет
views58
Парламент жасанды интеллект туралы заң қабылдады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Мәжілістің жалпы отырысында палата депутаттары «Жасанды интеллект туралы» Заңы мен оған іліспе құжаттарға Сенат енгізген түзетулермен келісті.

 

Бұл заңдар цифрландыру процестерін реттеу, жасанды интеллектіні қауіпсіз енгізу және қолданыстағы заңнаманы жетілдіру үшін заманауи құқықтық базаны қалыптастыруға бағытталған. Негізгі заң Қазақстанда алғаш рет жасанды интеллект технологияларын реттеу үшін құқықтық негіз құрайды. Ол жасанды интеллектіні қауіпсіз және этикалық енгізуді қамтамасыз етуге, жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сондай-ақ инновациялық дамуды ынталандыруға бағытталған.

"Парламент Сенаты үш заң бойынша 16 түзету енгізді. Бұл түзетулер тек редакциялық және нақтылау сипатында. Осылайша, аталған түзетулер құқық қолдану практикасына ешқандандай әсер етпейді. Сондықтан Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті Сенат енгізген өзгерістермен келісуге болады деп санайды", - деді Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева.

Жалпы отырыс кезінде палата депутаттары бұл ұсынысқа қолдау білдірді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл 23 қазанда Сенаттың жалпы отырысында «Жасанды интеллект туралы» Заңы мен ілеспе құжаттар қаралды. Сенат құжаттың жекелеген баптарын жаңа редакцияда ұсынып, оны Мәжіліске қайтарды.