Жасөспірімдер Азиадасы: Қазақстан құрамасынан үш балуан финалға өтті
28 қазанда Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында еркін және әйелдер күресінен жарыстар басталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
ҚР ҰОК мәліметінше, Қазақстан құрамасынан үш спортшы финалға жолдама алды.
Қыздар арасында 53 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Сания Сұлтанғали жартылай финалда тайбэйлік Чао-ших Сяодан басым түсті.
61 келіге дейінгі салмақта Жайдар Мұқат жапон спортшысы Ваки Аваноны жеңді.
Ал ерлер арасында Бекасыл Асамбек шиеленіскен жартылай финалда ирандық Сейедтахи Хашемиді 6:4 есебімен жеңді.
Айта кетейік, финалдық белдесулер 28 қазан күні өтеді.
Еске салсақ, тас жолдағы велоспорттан Қазақстан құрамасы Манама қаласында (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында үшінші медалін жеңіп алды.
Он боксшы жасөспірімдер Азиадасының жартылай финалына шықты.
