Азия ойындары: Таеквондодан Қазақстан құрамасы бес медаль еншіледі
Фото: Спорт комитетінен
Қазақстандық таеквондо шеберлері III жасөспірімдер Азия ойындарында екі алтын, екі күміс және бір қола медаль жеңіп, нәтижелі өнер көрсетті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Алтын медальдардың иелері: Айым Серікбаева (44 кг дейін) мен Евгений Васенкин (55 кг дейін). Күміс жүлдегерлер – Жанайбек Шамұратов (73 кг дейін) пен Нұрәлі Махмұт (63 кг дейін). Құрама қоржынын қола медальмен Бунияд Бахрамкулов (48 кг дейін) толтырды.
Бұл ойындар Бахрейн астанасы Манама қаласында өтіп жатыр. Байрақты бәсекеде Қазақстанның намысын 220 өрен қорғауда.
Айта кетейік, барлығы бұл ойындарға 45 елден шамамен 8 мыңға жуық спортшы қатысуда.
Ұқсас жаңалықтар
