Астанада цехтан өрт шықты (ФОТО, ВИДЕО)

Бүгін, 10:16
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views46
Астанада цехтан өрт шықты (ФОТО, ВИДЕО)
Фото: ТЖМ

Астанадағы Ақсай көшесі бойында орналасқан шаруашылық корпусында өрт шықты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Өрт сөндірушілер қызыл жалынмен екі сағаттай күресіп, өртті ауыздықтады.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Өртке қарсы қызметі жоғарғы ранг бойынша жұмыс жасаған.

Өрт сөндірудің жедел штабы құрылып, 4 жауынгерлік учаске жұмыс істеді.

Астана уақытымен 08:58-де өрт оқшауланды.

Өрт 500 шаршы метр алаңда сөндірілді. Нақтыланған мәлімет бойынша, газ блоктарын шығаратын цех шатыры өртенген. Зардап шеккендер жоқ, - деп жазды ТЖМ баспасөз қызметі.