Қасым-Жомарт Тоқаев Ирландия Президентін құттықтады

Бүгін, 19:37
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views38
Қасым-Жомарт Тоқаев Ирландия Президентін құттықтады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Мемлекет басшысы Кэтрин Конноллиді Ирландия Президенті болып сайлануымен құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

– Сіздің басшылығыңызбен Ирландия дамудың даңғыл жолын жалғастыратынына сенімдімін. Астана мен Дублин арасында шынайы достық пен өзара қолдауға арқа сүйеген ұзақмерзімді серіктестік орнаған. Өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтып, қос халықтың игілігіне қызмет ететін жаңа мүмкіндіктерге жол ашу үшін Өзіңізбен бірлесіп күш-жігер жұмсауға дайынмын, – деп жазылған жеделхатта.

Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Дональд Трампқа хат жолдаған болатын.