Елордалық құтқарушылар жатақханадағы өртті сөндірді
Фото: ТЖМ
Бүгін Астана қаласының 112 қызметіне Республика даңғылында орналасқан жатақханада өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Шақыру орнына жеткен өрт сөндірушілердің баянаты бойынша екі қабатты ғимараттың екінші қабатындағы бөлме мен дәліздің төбе жабыны өртеніп жатқаны анықталды.
Тәжірибелі өрт сөндірушілердің кәсіби әрекетінің арқасында өрт 50 ш.м. аумақта толықтай сөндіріліп, басқа орын-жайларға таралуына мүміндік берілген жоқ. Зардап шеккендер жоқ, - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 10:01
Астаналық құтқарушылар өрттен үш газ баллонын алып шықты (ВИДЕО)
24 қазан, 2025
Марқұм Шерзат Болаттың отбасы жаңа баспанаға ие болды
24 қазан, 2025
Абай облысында тұрғын балық аулау ережесін бұзған
24 қазан, 2025
Сумен қамтамасыз етуге арналған субсидияларды бөлу кезінде заңбұзушылықтар анықталды
