Марқұм Шерзат Болаттың отбасы жаңа баспанаға ие болды
Былтыр Талғарда кісі қолынан мерт болған 16 жастағы Шерзат Болаттың ата-анасы жаңа баспанаға ие болды. Бұл туралы заңгер Мейірман Шекеев Instagram желісіндегі парақшасында мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Заңгер Мейірман Шекеев Шерзаттың әкесі Қаржаубайдың жаңа қонысына қонақ болып қайтты.
«Қаржаубай отбасы халыққа алғысын білдірді.
Әуелі Алланың одан кейін Асқар, Асхат бауырларымыздың жомарттығының, Алматы облысы әкімдігінің қадағалап, жұмыла көрсеткен бірлігінің және қарапайым халықтың дұғасының арқасында Қаржаубай отбасына қуаныш сыйлай алдық деп ойлаймын. Қаржаубайдың бауыры Перизатқа да Алла разы болсын!
Гүлбарам ханымның жүзінен куанышпен күлкі көру біз үшін сол күні бақыт болды!
Осы қуаныштың орнауына тілектес болған барлық адамдарға Қаржаубай отбасының және өз атымнан алғыс білдіремін», - деп жазды заңгер парақшасында.
Заңгер ендігі кезекте жаңа үйге бейнекамера орнатуды ойластырып жатқанын айтты.
«Қолдаушыларымыздың арасында бейнекамера сататын жомарт жандар барма? Маған енді бұл отбасының қауіпсіздігі маңызды», - дейді заңгер Мейірман Шекеев.
