Астаналық спортшы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
28 қазан, 2025
Фото: Астана әкімдігі
Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында Қазақстанның велоспорт құрама командасы үшінші медальді еншіледі, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
28 қазанда өткен қыздар арасындағы топтық жарыста елордалық спортшы Валерия Кузнецова мәреге екінші болып келіп, күміс медальді жеңіп алды.
Бірінші орынды өзбекстандық Гулхаё Сатторова иеленсе, қола медаль Гонконг спортшысы Чин Киу Лоуға бұйырды.

Бұған дейін Қазақстан құрамасының қоржынына аралас команда мен Әнел Ташбай алтын медаль салған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
22 наурыз, 2026
Еркін күрестен тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан Астана тұрғындарына тілегін арнады
22 наурыз, 2026
Боксшы Нұрбек Оралбай Наурыз мейрамына өз тілегін арнады
21 наурыз, 2026
Ауыр атлет Едіге Емберді Наурыз мейрамына қатысты жылы лебізін білдірді
21 наурыз, 2026
Шорт-трекші Абзал Әжғалиев елордалықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады