Дзюдошы Фатима Сұпығалиева алтын медаль жеңіп алды

Бүгін, 14:19
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
views69
Дзюдошы Фатима Сұпығалиева алтын медаль жеңіп алды
Фото: Арлан Олжабай, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Қазақстандық дзюдошы Фатима Сұпығалиева Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер Азиадасының финалында жеңіске жетті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Отандасымыз 52 келіге дейінгі салмақта топ жарды.

Фатима ақтық сында Милена Боруболотовамен (Қырғызстан) өзара мықтыны анықтады.

Нәтижесінде, қазақстандық балуан иппон әдісімен жеңіске жетті.