00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстандықтарға 70 мың теңгеден төленетіні рас па

Қазақстандықтарға 70 мың теңгеден төленетіні рас па
фото: stopfake.kz

Әлеуметтік желіде қазақстандықтарға әлеуметтік қордан қаржы төленетіні туралы ақпарат жалған болып шықты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Онда 1949 жылдан 2010 жылға дейін туған адамдарға 70 мың теңгеден өтемақы аударылатыны туралы жазылған. Ол үшін сілтеме арқылы өтіп, 20 қыркүйекке дейін өтінім беру керек. 

Қазақстанда әлеуметтік қор деген жоқ. Төлемдер мен әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындаумен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі айналысады. Ведомствоның ресми порталында алаяқтар атап көрсеткен белгілі бір уақыт аралығында туғандарға төленетін 70 мың теңге мөлшеріндегі төлем туралы ақпарат жоқ. Жарнама сенімдірек болуы үшін алаяқтар жалған видеода Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың суретін пайдаланған. Мемлекет басшысының ресми порталында жаңа төлем туралы жарлықтар жоқ,- деп жазды Stopfake.kz.