00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Біртұтас тәрбие: Астана мектептерінде қауіпсіздік сабақтары өтеді

16 қыркүйек, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Біртұтас тәрбие: Астана мектептерінде қауіпсіздік сабақтары өтеді
фото: Астана қ. Білім басқармасынан

Биылдан бастап Астанада білім беру ұйымдарында әр дүйсенбі сайын сынып сағаттары өтеді. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында өткізілетін сабақта оқушылар Мемлекеттік әнұранды орындап, «жеке қауіпсіздік» шаралары туралы хабардар болады. Бұл туралы Elordainfo.kz қалалық білім басқармасына сілтеме жасап хабарлады.

Қауіпсіздік сабақтарындағы тақырыптар педагогтер мен сынып жетекшілері үшін 130 сабаққа бөлінген. Атап айтсақ, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары үшін 20 сабақ, ал орта білім беру ұйымдары, техникалық кәсіптік білім  беру ұйымдары  үшін 110 сабақ. Олардың ішінде ғаламтордағы және төтенше жағдайдағы қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау тақырыптары басты назарға алынған. Сынып сағаты кезінде өткізілетін бұл тақырыптар оқушыны жедел эвуакуация кезінде шара қолдануға, қауіпті жағдайда жылдам әрекет етуге, өмірде кездесетін әр түрлі жағдайдың шешімін табуға үйретеді.

«Сабақты өткізу барысында озық технологияларға негізделген тесттер, кейстік, жобалық және интерактивтік тапсырмалар пайдаланылады. Бұл баланың іс жүзіндегі тәжірбиесін дамытып, психологиясын дайындайды.  Жыл бойы өткізілген осы сабақтар нәтижесінде оқушы өз эмоциясын қадағалай алатын, дағдарыс жағдайында байыпты шешім қабылдайтын, қауіпті жағдайда жылдам әрекет ету үшін экстремалдық ойлай алатын, ұлттық құндылықты бойына сіңірген тұлға болып қалыптасады», - делінген хабарламада.