2027 жылы Ұлттық цифрлық кітапхана платформасын іске қосылуы мүмкін

2027 жылы Ұлттық цифрлық кітапхана платформасын іске қосылуы мүмкін
Фото: ОКҚ

Елімізде Президенттің тапсырмасына сәйкес кітап саласын заңнамалық реттеу жұмысы басталды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Айзада Құрманова ОКҚ баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Салалық сарапшылармен талқылау нәтижесінде «Кітапхана және кітап шығару ісі туралы» заң жобасының жұмыс нұсқасы әзірленді. Онда кітапханаларды жаңғырту, кітап қорын толықтыру және кітап шығару ісін қолдау тетіктерін қарастыру көзделген.

Сондай-ақ 2027 жылы Ұлттық цифрлық кітапхана платформасын іске қосу жоспарланып отыр.

«Ол кітапханалардың бірыңғай цифрлық ортаны жасақтауға мүмкіндік береді. Ортақ электрондық каталог жасау бірыңғай оқырман билетін енгізу, және басқа да цифрлық қызметтерді дамыту жоспарланған», - деді Айзада Құрманова.

Спикердің сөзінше, жасанды интеллектіні дамыту жағдайында кітап оқу мәдениеті мен кітап ісін ілгерілетудің 2027-2031 жылдарға арналған «Зерделі ұлт» тұжырымдамасы әзірленіп жатыр.

Бұдан бұрын кітап оқуды насихаттайтындарға ұлттық сыйлық тағайындалуы мүмкін екені хабарланды.