Астанада заңсыз орнатылған 28 ойын-сауық аппараты жойылды

Бүгін, 10:36
Думан Аманжол Думан Аманжол
Астанада заңсыз орнатылған 28 ойын-сауық аппараты жойылды
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Елорданың «Сарыарқа» ауданында заңсыз орнатылған 28 ойын-сауық аппараты жойылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы әкімдігіне сілтеме жасап.

«Сарыарқа» ауданында заңсыз орнатылған ойын-сауық аппараттарын анықтау және алып тастау жұмыстары жалғасуда. Мамандар аудан аумағын тұрақты түрде тексеріп, соққы күшін өлшейтін және басқа да ойын-сауық аппараттарының заңдылығын қарайды.

«Бұл нысандардың иелеріне оларды белгіленген мерзімде өз бетінше алып тастау туралы ескерту беріледі. Талап орындалмаған жағдайда аппараттар Кәсіпкерлік бөлімінің қызметкерлері тарапынан алынады», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, өткен аптада 28 аппарат орнатылған орындарынан алынды. Заңсыз орнатылған нысандарды анықтау және алып тастау жұмыстары жалғасуда.

Еске салсақ, Астанада «Ұстазыңды құттықта» челленджі басталды.