Арайлым Шегенова Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды

Бүгін, 10:48
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Арайлым Шегенова Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
Фото: Сали Сабиров/ҰОК

Қазақстандық спортшы Арайлым Шегенова Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында кураштан қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ҰОК сілтеме жасап.

Арайлым Шегенова 87 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.

Финалға жолдама алу үшін өткен белдесуде қазақстандық спортшы Оңтүстік Корея өкілі Ким Мин Ёнмен кездесті. Бұл бәсекеде кореялық спортшы жеңіске жетті.

Осылайша, Арайлым Шегенова Азиада-2026-ның қола медалін иеленді.

Еске сала кетейік, бұған дейін стенд атудан Қазақстан ерлер құрамасы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.