Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты
Фото: kff.kz
Өзбекстанда өтіп жатқан футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатында топтық кезеңнің екінші туры аяқталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Плей-офф кезеңге әр топта үздік атанған 2 құрама тікелей жолдама алады.
Қазақстан құрамасы мерзімінен бұрын плей-офф кезеңге шықты. Қазіргі таңда 1/8 финалға Аргентина, Бразилия, Иран, Испания, Қазақстан, Марокко, Парагвай, Португалия, Таиланд, Франция командалары шықты.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі соңғы ойынын 21 қыркүйекте Жаңа Зеландияға қарсы өткізеді.
Ұқсас жаңалықтар
26 қазан, 2025
Руслан Есеналин Азия ойындарының жүлдегері астаналық Анель Цойды құттықтады
26 қазан, 2025
«Қайрат» – «Астана»: бүгін ҚПЛ чемпионы анықталады
26 қазан, 2025
Республика күніне орай елордада отбасылық дуатлон өтті
26 қазан, 2025
Геннадий Головкин World Boxing федерациясының президенті лауазымына ресми түрде үміткер атанды
