Есірткі өндіретін астыртын зертхана ашқан 3 астаналық бас бостандығынан айырылды
20 қыркүйек, 2024
Торғын Аман
Фото: Elordainfo.kz
Астанада есірткі шығарумен айналысатын зертхана ашқан 3 адам ұзақ мерзімге сотталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Сотталушылар темір контейнерді психотроптық заттар шығаратын зертхана ретінде жабдықтаған. Тергеу барысында астыртын зертханадан 24 кг астам психотроптық заттар табылды.
Астана қаласының прокуратурасының хабарлауынша, кінәлі тұлға қылмыстық әрекетке екі сыбайласын тартқан.
«Нәтижесінде сот үкімімен елорданың үш тұрғыны аса ірі көлемде психотроптық заттардың аналогын сату мақсатында заңсыз дайындағаны және сақтағаны үшін кінәлі деп танып, 10 жылдан 11 жыл 3 айға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды», - деп көрсетті Астана қаласының прокуратурасы.
Үкім заңды күшіне енді.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 17:38
Марбург вирусының әкелінуіне жол бермеу бойынша бақылау күшейтілді
Бүгін, 17:17
Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтті
Бүгін, 16:39
Елордада кассадан ақша жымқырған ұрының әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалды
Бүгін, 15:54
1 қарашадан бастап елордада экспресс-бағдарларда айлық тариф енгізіледі