Премьер-министр киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында белсенді жұмыс жүргізуді тапсырды
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында цифрлық активтер саласын дамыту мәселесі қаралды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Жиында киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтарды цифрлық ортада қорғау мәселесіне назар аударылды.
Токенизация нарығы мен криптоиндустрияның белсенді дамуы аясында алаяқтықтың жаңа түрлері пайда болып жатқаны атап өтілді. Осы айда Қаржылық мониторинг агенттігі криптовалюта түрінде шағын несие беру желеумен жүргізілген заңсыз әрекеттің жолын кесті.
«Уәкілетті органдар алдағы уақытта да азаматтарды цифрлық ортада қорғауды қамтамасыз етуі қажет. Бұған жаңа Конституцияда кепілдік берілген. Жасанды интеллект министрлігі Ұлттық банкпен бірлесіп, киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету және осы саладағы заңнаманы жетілдіру бағытында белсенді жұмыс жүргізуі тиіс», - деп атап өтті Премьер-министр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Олжас Бектенов активтерді токенизациялау тетігін кеңінен пайдалануды тапсырды.