Қазақстандағы Oi-Qaragai курорты ТМД елдері арасында үздік деп танылды

Қазақстандағы Oi-Qaragai курорты ТМД елдері арасында үздік деп танылды
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Алматы облысында орналасқан Oi-Qaragai тау курорты халықаралық Ski Business Awards салалық байқауында «ТМД елдерінің үздік тау шаңғысы кешені» аталымы бойынша жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Туризм жəне спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Ski Business Awards сыйлығы жыл сайын тау шаңғысы индустриясының өкілдерін біріктіретін Туристік аумақтар форумы (FTT) аясында табысталады. Байқауда курорттық инфрақұрылымды дамыту, заманауи технологияны енгізу және туристік қызмет көрсету сапасын арттыру бағытында үздік нәтижеге қол жеткізген нысандар марапатталады.

Oi-Qaragai курорты бұған дейін де халықаралық деңгейде жоғары бағаланған. Атап айтқанда, «Үздік IT-шешім» және «Балалар лагерінің үздік бағдарламасы» аталымдары бойынша жеңімпаз атанса, 2025 жылы маркетинг саласындағы жетістіктері үшін марапатталған.

Қазіргі уақытта Алматы облысында Oi-Qaragai курортын кеңейтуге бағытталған инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Жобаның жалпы құны – 53,2 млрд теңге. Қаржы толығымен жеке инвестициялар есебінен бөлінеді. Жобаны 2028 жылға дейін аяқтау жоспарланған. Курорт аумағын кеңейту нәтижесінде оның келушілерді қабылдау мүмкіндігі артып, қызмет көрсету сапасы жақсарады. Сонымен қатар 1 200-ге дейін жаңа жұмыс орны ашылады.

Еске сала кетсек, Қазақстандағы ішкі туризм көлемі 84,4%-ға өсті.