Татуласу орталықтарында медиатор мен психологтар консультациялар өткізеді
Астанадағы татуласу орталығында білікті медиатор мен психологтар консультациялар өткізеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Медиация — бұл нейтралды делдал (медиатор) тараптарға өзара тиімді шешім табуға көмектесетін процесс. Бұл әдіс дауларды шешуде тиімді. Өйткені бұл тараптардың өзара түсіністігін арттырады.
Медиацияның артықшылықтары:
Уақыт пен қаражатты үнемдеу әрі сот процестерінен жылдам.
Конфиденциалдылық: Барлық талқылаулар тараптардың арасында қалады.
Икемділік: Екі тарапқа да сәйкес келетін ерекше шешім табу мүмкіндігі.
Қолдау және түсіну: Қатынастарды қалпына келтіруге көмектесу.
Орталық Бауыржан Момышұлы көшесі, 26 мекендайы бойынша орналасқан. Тіркелу және толық ақпарат үшін мына телефонға хабарласыңыз: +77024395127.
Бұл – қатынастарды реттеп, дау-дамайларды бейбіт жолмен шешу мүмкіндігі.