Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Мектептерде орын жетіспеушілігі мәселесін шешу мақсатында жаңадан білім беру ұйымдарын салу немесе жаңғырту, оған жапсарлас құрылыс салу жүзеге асырылуда.
«Мемлекет балалар үшін жайлы әрі қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға ерекше көңіл бөледі. Бүгінгі таңда 86 мыңнан астам балаға арналған 77 мектеп пайдалануға берілді. Олардың басым бөлігі Алматы, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарында және Астана қаласында орналасқан», – деді Инфрақұрылымды дамыту департаментінің басқарма басшысы Жайық Мақсұтов.
Еске сала кетейік, қор қаражаты есебінен 100 мыңға жуық оқушы арналған 89 мектептің құрылысы қаржыландырылды.
Бұған дейін елордадағы №119 мектептің ерекшелігін жазған болатынбыз.