04.12.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

STEM, робототехника және зертханалар: елордадағы №119 мектептің ерекшелігі неде

|
Photo: Астана қаласы №119 мектебі
STEM, робототехника және зертханалар: елордадағы №119 мектептің ерекшелігі неде
Фото: Астана қаласы №119 мектебі

STEM, робототехника және зертханалар: елордадағы №119 мектептің ерекшелігі неде

|

Астана қаласындағы №119 орта мектебі 2025 жылдың 1 қыркүйегінде ашылды. Ашылғанына көп уақыт болмаса да, білім ошағы оқушыларының жетістіктері аз емес, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған мектеп елорданың «Байқоңыр» ауданында орналасқан. 2000 орынға арналып салынған ғимарат аудандағы үш ауысымдық мектептерге оң әсерін тигізген.

«Мектебімізде жалпы 98 оқу кабинеті мен зертханалар бар. Кітапхана, төрт спортзал, инклюзия кабинеті жұмыс істеп тұр. Әр кабинетте интернет желісі қосылған, интерактивті тақталар қойылған. STEM дағдыларын, робототехника негіздерін оқыту және зертханалар қарастырылған», - деді мектеп директоры Гүлжан Алдажар.

Оның айтуынша, мектепте білім алушылардың жас ерекшелігіне қарай үйірмелер қарастырылған. Бастауыш сыныптарға ұлттық ойындар - асық ату, бес асық, тоғызқұмалақ, сонымен қатар карате, волейбол, баскетбол, футбол, дзюдо секциялары, шебер қолдар, шахмат үйірмелері бар.

«Жалпы мектебімізде 143 мұғалім қызмет атқарады. Білікті тәжірибелі ұстаздар, сонымен қатар жас мамандар жұмыс істейді. Тәлімгерлер мен тәлім алушылар жұмысы да жолға қойылды», - деді Гүлжан Жиениқызы.

Мектеп директорының сөзінше, оқушылар көптеген қалалық, республикалық білім, спорт сайыстарында біршама жетістікке жеткен. Соның ішінде 10-сынып оқушылары  STEM-олимпиадасының қалалық кезеңінен өтіп, халықаралық кезеңге жолдама алған (жетекшісі Айгүл Алдабаева). Сонымен қатар мектеп оқушысы Салтанат Маткулиева «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы ұйымдастырған «Ұшқышсыз ұшу жүйелері» аймақтық байқауының ІІ дәрежелі жүлдегері атанған.

Мектепте қауіпсіздікке басымдық берілген. Кіреберіс пен аумақтың қауіпсіздігі ішкі және сыртқы бейнебақылау камералары арқылы бақыланады.

Өрт дабылы мен түтін детекторлары орнатылған. Төтенше жағдай кезінде эвакуациялық жоспарлар құрылған. Оқушылар мен мұғалімдерге жоспарлы эвакуация жаттығулары өткізіледі.

Бұған дейін «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған елордадағы №114 мектеп туралы жаздық.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗