Үкімет отырысы аясында өткен журналистерге арналған баспасөз мәслихатында «Қазавтожол» басшысы Дархан Иманашев қазан айында жантүршігерлік жол апаты болып, 12 адам көз жұмған Ақтөбе-Ұлғайсын тасжолы қашан жөнделетіні туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Ақтөбе-Ұлғайсын тасжолы біздің қарамағымызда. Тасжол жобасы бойынша қазір конкурсты рәсімдеу өткізіліп жатыр. 15 компания қатысуда, оның ішінде 6 отандық компаниядан өтінім келіп түсті.
Рәсім бойынша бірінші біз қараймыз, тексереміз, сосын банк қаржылық мүмкіндіктерін тексереді, келісім береді. Біз келісімшартқа отырамыз. Жоспар бойынша ендігі жылы құрылыс басталуы керек. Ақтөбе-Ұлғайсын тасжолы толық 218 шақырым осы жобаға кіреді», - деді Дархан Иманашев.
Бұған дейін пилотсыз автокөліктерді енгізу үшін отандық жолдардың цифрлық төлқұжаттары жасалатынын жазған болатынбыз.