Header Banner

Астана мен Қызылорда арасында жаңа Stadler вагондары қатынай бастайды

Бүгін, 10:47
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астана мен Қызылорда арасында жаңа Stadler вагондары қатынай бастайды
Фото: ҚТЖ

Ұлттық тасымалдаушы 13 желтоқсаннан бастап №66/65 «Нұрлы жол – Қызылорда» пойызының құрамын отандық өндірістен шыққан Stadler вагондарымен жаңартады. Пойыз аталған бағытта күнара қатынайды, деп хабарлайды Elordainfo.kz «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Пойыз құрамында жалпы саны 416 жолаушыға арналған 9 вагон болады.

Жолаушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында вагондар климат-бақылау жүйесімен, жеке жарықтандыру шамдарымен, 220 В электр розеткаларымен, бейнебақылау жүйесімен, қол жүгі мен багажды орналастыруға арналған орындармен және буфет аймағымен жабдықталған.

Билеттерді bilet.railways.kz сайты мен теміржол кассаларынан сатып алуға болады.

Еске сала кетейік, желтоқсан айындағы мерекелер кезінде қосымша пойыздар жолға шығады.