Header Banner

Полиция биыл 2,2 мың заңсыз қару тәркіледі - ІІМ

Полиция биыл 2,2 мың заңсыз қару тәркіледі - ІІМ
Фото: ІІМ

Ішкі істер министрлігі жыл басынан бері заңсыз айналымнан 2 200-ден астам түрлі қару тәркіледі, оның ішінде 190 дана криминалдық қару бар, оның 162-сі Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған, деп хабарлайды Elordainfo.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

20-22 қараша аралығында «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Үш күн ішінде 188 қару, оның ішінде 17 ойық ұңғылы, 125 тегіс ұңғылы және 46 өзге де қару, сондай-ақ әртүрлі калибрдегі 500-ден астам оқ-дәрі мен сегіз граната тәркіленді. 

«Мысалы, 20 қарашада Түркістан облысында полиция қызметкерлері Сарыағаш ауданы тұрғынынан ойық ұңғылы винтовка, тегіс ұңғылы шолақ мылтық, пневматикалық винтовка, белгі беру тапаншасы және әртүрлі калибрдегі 28 патрон тауып, тәркіледі. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табады», - деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің өкілі Бекзат Кемал.

Еске салсақ, Астанада әуе рейсіне тіркелу кезінде «қаруым бар» деп әзілдеген бойжеткенге айыппұл салынды.