Header Banner

Астананың танымал нысандарында мәслихат сайлауы туралы ақпарат көрсетіліп жатыр

Бүгін, 09:18
Думан Аманжол Думан Аманжол
Астананың танымал нысандарында мәслихат сайлауы туралы ақпарат көрсетіліп жатыр
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астананың белгілі нысандарында, ғимараттардың медиафасадтары мен қаладағы LED-экрандарда 29 қараша күні өтетін мәслихат депутаттарының сайлауы қарсаңында арнайы тақырыптағы бейнероликтер мен суреттер көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ақпараттық материалдар елорданың көпшілікке танымал бірқатар нысанында көрініс тапты.

«Алдағы дауыс беру күні туралы еске салатын ақпаратты алып шолу дөңгелегінен, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы ғимаратының қасбетінен, Астана халықаралық әуежайынан, сондай-ақ қала көшелері бойындағы цифрлық экрандардан көруге болады», - делінген ақпаратта.

Еске салсақ, Астанада «Арқа әуендері» зейнеткерлер ансамблінің мерейтойлық концерті өтті.