29 қарашада өтетін Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауында Қазақстан азаматтары өзінің сайлау учаскесін алдын ала анықтай алады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап.
GOV.KZ платформасында өз сайлау учаскеңіздің нөмірі мен мекенжайын білуге мүмкіндік беретін онлайн-сервис жұмыс істейді.
Азаматтарға қолайлы болу үшін бірден үш интернет алаң іске қосылды. Көрсетілген сілтемелердің кез-келгеніне өтіп, сайлаушы өз өңірін таңдап, ЖСН енгізу арқылы сайлау учаскесінің нөмірі мен мекенжайын біле алады.
https://www.gov.kz/sailau?lang=kk
Сонымен қатар, өз сайлау учаскесін іздеуге арналған онлайн-сервис eGovMobile қосымшасында да қолжетімді.
Сайлаушыларға қолайлы болу үшін онлайн сервистерге сілтемелер қазақстандықтардың жеке ұялы телефон нөмірлеріне SMS хабарлама түрінде, сондай-ақ екінші деңгейлі танымал банктердің мобильді қосымшалары арқылы PUSH хабарламалар түрінде жолданды.
Аталған сервистерге QR-кодтарды сканерлеу арқылы да қол жеткізуге болады.

Еске салсақ, елордада 29 қараша күні Астана қаласы мәслихатының депутаттарын сайлау өтеді. Дауыс беру күні әр сайлаушыға екі бюллетень беріледі. Оның бірінде саяси партияны, екіншісінде бірмандаттық сайлау округі бойынша ұсынылған кандидатты таңдау қажет