Қазгидромет 26 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Синоптиктердің болжауынша, бүгін Астанада көшпелі бұлтты, жаңбыр жауады деп күтіледі.
Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді.
Күндіз ауа температурасы +6, +8°C болады.