Қазақстандық гимнаст Нариман Курбанов Ресейдің Мәскеу қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде топ жарды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.
Отандасымыз ат снарядындағы жаттығуда 15,066 ұпай еншілеп, алтын медаль жеңіп алды.
Ресей өкілі Ранель Сафиуллин 14,300 ұпаймен екінші орынға ие болды. Ал оның жерлесі Даниел Маринов 13,866 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.
Еске салсақ, Астаналық полицейлер джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды.