Header Banner

Қазақстанда заңсыз қоқыс полигондарының 93%-ы жойылды - министрлік

Бүгін, 17:17
Думан Аманжол Думан Аманжол
Қазақстанда заңсыз қоқыс полигондарының 93%-ы жойылды - министрлік
фото: Астана қаласы әкімдігі

Жыл басынан бері Қазақстанда 2817 рұқсат етілмеген қоқыс полигоны анықталды. Оның ішінде 2647-сі жойылды, бұл жалпы санының 93%-ы, деп хабарлайды Elordainfo.kz Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомство ақпаратына сәйкес, бұл нәтижелерге заңсыз қоқыс полигондарын анықтау және жою бойынша жүйелі жұмыстардың, оның ішінде министрліктің «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-мен бірлесіп, 2018 жылдан бері жүргізіп келе жатқан ғарыштық мониторингті пайдаланудың арқасында қол жетіп отыр.

«Жұмыс жергілікті жерлерде де жүргізілуде. Жыл басынан бері полиция бөлімдерімен, жергілікті атқарушы органдармен және эко активисттермен бірлесіп 900-ден астам мобильді топ құрылды. 58 000-нан астам рейд жүргізілді», - деп хабарлады Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

Тексерулер нәтижесінде 177 800 бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалпы айыппұл сомасы 738,9 миллион теңгені құрады.

Бұл ретте тек анықталған бұзушылықтардың статистикасы ғана емес, сонымен қатар жалпы жағдай да өзгеріп келеді. Мысалы, 2018 жылы 8680 рұқсат етілмеген қоқыс полигоны анықталған болса, 2026 жылы 2817-ге дейін төмендеген.

Еске салсақ, Астанада балаларға арналған экологиялық викторина өтті.