Header Banner

Астанада «Әділет» партиясының кандидаттары елорданы абаттандыру жоспарын таныстырды

Бүгін, 20:20
Думан Аманжол Думан Аманжол
Астанада «Әділет» партиясының кандидаттары елорданы абаттандыру жоспарын таныстырды
Фото: «Әділет» партиясы

«Әділет» партиясынан Астана мәслихатының депутаттығына кандидаттар Бауыржан Қасымбергебаев пен Арсланбек Мағзұм «Теңге» сауда үйінде қала тұрғындарымен кездесті. Басқосуда аулаларды абаттандыру, көшелерді жөндеу, қаланы көгалдандыру және тұрғын аудандардағы қауіпсіздік мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Партияның 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасында елорданың барлық ауданында 360 ауланы абаттандыру, 360 шақырым қалалық көшені жөндеу және 90 шақырым жаңа көше салу көзделген. Сондай-ақ 156 қоғамдық кеңістікті жайластыру және жаңғырту, тұрғын алаптарындағы 78 аула аумағын абаттандыру қарастырылған.

Партиялық тізім бойынша кандидат Арсланбек Мағзұм тұрғындардың ұсыныстары қаланы абаттандыру жоспарына қалай енетініне тоқталды. Оның айтуынша, депутаттар қала жоспары мен бюджетін талқылағанда тұрғындар көтерген мәселелерді ортаға салып, қабылданған шешімдердің орындалуын қадағалай алады. Ал жұмыстарды әкімдік пен тиісті қызметтер ұйымдастырады.

№ 6 сайлау округі бойынша кандидат Бауыржан Қасымбергебаев сайланған жағдайда тұрғындармен тұрақты байланыста болып, аудандағы қауіпсіздік пен тұрмыс жағдайына қатысты мәселелермен айналысатынын айтты.

«Бұл сайлауға бір ғана мақсатпен бара жатырмын. Өз ауданымның тұрғындарына барынша көп пайдалы іс атқарғым келеді», — деді Бауыржан Қасымбергебаев.

* Астана қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.