Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекеттік басқаруды реформалау мәселелері жөніндегі комиссия мемлекеттік басқару жүйесін реформалаудың бағыттары мен тәсілдерін тұжырымдау, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқаруды реформалаудың кешенді жоспарын әзірлеу үшін жүйелі ұсыныстарды қарау мақсатында құрылды.
Комиссияның жұмыс органы – Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі.
Комиссия құрамына мемлекеттік органдардың басшылары, Құрылтай депутаттары және Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері кірді.
Отырыстарға мүдделі орталық мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ басқа да ұйымдардың өкілдері қатыстырылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Мемлекеттік басқаруды реформалау мәселелері жөніндегі комиссияның
ҚҰРАМЫ
|
Скляр |
– |
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, төраға |
|
Ерғалиев |
– |
Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы, төрағаның орынбасары |
|
Смайылов |
– |
Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы |
|
Қойшыбаев |
– |
Қазақстан Республикасы |
|
Жұманғарин |
– |
Қазақстан Республикасы |
|
Мәдиев |
– |
Қазақстан Республикасы |
|
Жиенбаев |
– |
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары |
|
Есекеев |
– |
Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі |
|
Жазықбай |
– |
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы |
|
Сәрсембаев |
– |
Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
|
Қасымбек |
– |
Астана қаласының әкімі |
|
Ахметжанов |
– |
Ақмола облысының әкімі |
|
Сатыбалды |
– |
Алматы қаласының әкімі |
|
Ақшолақов |
– |
Атырау облысының әкімі |
|
Байманов |
– |
Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі |
|
Есімханов |
– |
Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Экономикалық саясат, өнеркәсіп және энергетика комитеті төрағасының орынбасары |
|
Каринова |
– |
Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі |
|
Смышляева |
– |
Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитеті төрағасының орынбасары |
|
Лукин |
– |
Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі |
|
Мусин |
– |
Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі |
|
Шайымова |
– |
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары, хатшы |
Еске сала кетейік, бұған дейін Президент Халықтық құрылыс бойынша мемлекеттік комиссияның құрамын бекітті.