Header Banner

Үй жануарын тіркеуді eGov Mobile арқылы растау мүмкіндігі іске қосылды

Үй жануарын тіркеуді eGov Mobile арқылы растау мүмкіндігі іске қосылды
фото: freepik.com

25 қарашадан бастап жануарларды тіркеу кезінде иесінің деректерін eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы растау мүмкіндігі іске қосылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне слітеме жасап.

Бұдан былай деректерді растаудың екі тәсілі қолжетімді:

eGov Mobile арқылы – жануар иесі смартфонындағы қосымшаны ашып, QR-кодты сканерлейді. Осыдан кейін ЖСН мен аты-жөні жүйеде SMS хабарламасыз көрсетіледі.

1414 нөмірінен SMS алу арқылы – бұрынғы тәсіл де қолжетімді. Бұл смартфоны жоқ азаматтар үшін ыңғайлы.

eGov Mobile қосымшасын Google Play және App Store арқылы жүктеуге болады.

«Жаңа мүмкіндік жануарларды тіркеу рәсімін жеңілдетуге және азаматтардың уақытын үнемдеуге бағытталған», делінген хабарламада.