Header Banner

Астанада салынып жатқан құрылыс нысанында өрт шықты

Астанада салынып жатқан құрылыс нысанында өрт шықты
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астана қаласының Нұра ауданындағы Ұлы дала көшесінде орналасқан салынып жатқан нысандағы өрт сөндірілді, деп хабарлайды Elordainfo.kz ТЖМ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына келген кезде салынып жатқан тұрғын үй кешенінің бірінші қабатында ашық жалын байқалды. Құрылыс материалдары отқа оранған. 

Құтқарушылар 150 шаршы метр аумақты шарпыған өртті толық сөндірді.

Соңғы мәлімет бойынша, оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді.