09.12.2025
RU
Мәзір

Пилотсыз автокөліктерді енгізу үшін отандық жолдардың цифрлық төлқұжаттары жасалады

|
Пилотсыз автокөліктерді енгізу үшін отандық жолдардың цифрлық төлқұжаттары жасалады
Фото: Көлік министрлігінен

Үкімет отырысында ҚР көлік министрі Нұрлан Сауранбаев республика бойынша жүргізіліп жатқан автомобиль жолдарын жөндеу және өткізу пункттерін жаңғырту жұмыстары туралы баяндады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Ол биыл автомобиль жолдары бойынша 13 мың шақырым жол құрылыс және жөндеу жұмыстарымен қамтылғанын атап өтті. Республикалық жолдардың 93%-ы нормативтік-техникалық жағдайға сай.

Ішкі шекарадағы өткізу пункттерін жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. 2027 жылдың соңына дейін 37 өткізу пунктін аяқтау жоспарланып отыр.

«Автожолдардың тиімділігін арттырудың негізгі факторы – цифрлық шешімдер. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша e-Joldar шеңберінде жолдардың цифрлық төлқұжаттары қалыптастырылады. Бұл болашақта пилотсыз автокөліктерді енгізуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті Нұрлан Сауранбаев.

Министр жыл сайын жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып жол диагностикасы жүргізілетінін жатқанын айтты.

Жол төсемін сақтау үшін 220-ға дейін автоматтандырылған өлшеу стансаларын орнату жұмыстары жалғасуда. Бюджетке түсетін салмақты азайту мақсатында республикалық маңызы бар жолдарда ақылы учаскелер кезең-кезеңімен енгізіледі. Бүгінде ақылы жолдарда енгізілген KazToll жүйесі арқылы 79 млрд теңге жиналды.

Бұған дейін көлік қызметтерінің көлемі 20,7%-ға артқанын жазған болатынбыз.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗