Референдум-2026

Ұлытау облысында 31 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды

Бүгін, 12:36
Думан Аманжол Думан Аманжол
Ұлытау облысында 31 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды
фото: Оңалхан Өнерхан

Жаңаарқа ауданында құны 334 млн теңге болатын, ауданы 169 га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесі заңсыз берілгені анықталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Бас прокуратура мәліметінше сондай-ақ Жезқазған қаласында уақытша жер пайдалану құқығының мерзімі аяқталған соң жалпы ауданы 2,9 га, құны 96 млн теңге 29 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылмаған. 

Сонымен қатар, құны 11 млн теңге болатын коммерциялық мақсаттағы жер учаскесін заңсыз беру фактісі анықталды.

«Прокурорлық қадағалау актілерін қарау нәтижесінде жалпы құны 443 млн теңге болатын 31 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды», делінген хабарламада.

Бас прокуратура жер заңнамасының сақталуы және жер қатынастары саласында мемлекет мүддесін қорғау жұмыстары жалғасып жатқанын хабарлады. 

«Жер ресурстарын ұтымды пайдалану мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Осыған байланысты прокуратура органдары жер қатынастары саласындағы заңдылықтың сақталуына тұрақты негізде қадағалау жүргізеді», деп мәлімдеді ведомствода.

Еске салсақ, елордада пробация есебіндегі азаматтарға амнистия шарттары түсіндірілді.