Елордада пробация есебіндегі азаматтарға амнистия шарттары түсіндірілді
«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Есіл ауданының прокуратурасы аудан полиция басқармасы, пробация қызметі және Мансап орталығы қызметкерлерінің қатысуымен есепке алынатын тұлғалар үшін профилактикалық іс-шара өткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.
Іс-шара барысында сотталғандарға Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы Заңның негізгі ережелері, оны қолдану шарттары, заңнамада көзделген шараларды іске асыру тәртібі түсіндірілді.
Сонымен қатар, кездесу барысында жұмысқа орналастыру, әлеуметтік бейімдеу және қайта әлеуметтендіру мәселелері қаралды.
Заң талаптарын сақтау мәселелеріне, есепте тұрған адамдардың құқықтары мен міндеттеріне, сондай-ақ құқықтық тәртіптің маңыздылығына және қайталанған құқық бұзушылықтарға жол бермеуге ерекше назар аударылды.
Мұндай кездесулерді өткізу азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, әлеуметтік бейімделуге жәрдемдесуге және рақымшылық жасау актісіне енгізілген гуманизм қағидаттарын іске асыруға бағытталған.