ТЖМ қызметкерлері тікұшақпен орман өртін сөндіруді пысықтады
Бауыртал орманшылығында шартты орман өртін сөндіруге қатысты тактикалық-арнайы сабақ өткізілді. Жаттығуда авиация мен жердегі қызметтің өзара әрекетіне ерекше назар аударылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ТЖМ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталмыш орман Павлодар облысының Шарбақты ауданындағы «Ертіс орманы» мекемесіне қарайды.
Сабақ барысында жедел кезекшілердің іс-қимылдары, авиабортты ұшуға дайындау, өртті сөндіру және зардап шеккендерді эвакуациялау кезінде күштерді үйлестіру мен қауіпсіздік шараларын сақтау пысықталды
.
Оған ТЖД жеке құрамынан 14 қызметкер және «Қазавиақұтқару» компаниясының МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды. Тікұшақ Кезеңтал көлінен су алып, сйымдылығы 5 тоннаға дейінгі құрылғысымен өрт ошағына төкті. Сонымен қатар жердегі бөлімшелердің өртті оқшаулау және шартты зардап шеккендерді құтқару бойынша әрекеті пысықталды.

Еске сала кетсек, Қарқаралыда автобус аударылып, зардап шеккен 3 адам тікұшақпен эвакуацияланды.