Қарқаралыда автобус аударылып, зардап шеккен 3 адам тікұшақпен эвакуацияланды

Қарқаралыда автобус аударылып, зардап шеккен 3 адам тікұшақпен эвакуацияланды
Фото: ТЖМ

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданы Бесоба ауылынан 15 км жерде вахталық автобус аударылды. Көлікте 50 адам болған, деп хабарлайды Elordainfo.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құтқарушылары жедел түрде оқиға орнына келіп, зардап шеккендерге көмек көрсетті.

ТЖМ әуе кемесімен 3 зардап шеккен адам Қарағанды қаласындағы медициналық мекемелерге жеткізілді. Сондай-ақ ТЖМ күштері вахталық көлікте жедел жәрдем және Апаттар медицинасы орталығы мамандары 30 адамды Ботағара ауылының ауруханасына жеткізді. Зардап шеккендердің жағдайы орташа дәрежеде.



Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖМ күштері мен құралдары, «Матақ» ТМҚП, ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы, Қазавиақұтқару және жедел жәрдем бригадалары, полиция қызметкерлері жұмылдырылды. 

 

Еске сала кетсек, Алматы облысының Райымбек ауданында «Кеген – Нарынқол» жолында су өткізу құбыры зақымданып, жол төсемі шайылып кетті.