Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға 10 мыңнан астам жолаушы жеткізілді

Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға 10 мыңнан астам жолаушы жеткізілді
Фото: СІМ

Таяу Шығыс елдерінде эскалация басталғалы бері, Қазақстанға 61 рейс орындалып, олармен 10 033 жолаушы тасымалданды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Рейстер Air Astana, SCAT, FlyDubai және Air Arabia әуе компаниялары арқылы Дубай, Шарджа, Жидда, Медина және Маскат қалаларынан Алматы, Астана, Атырау, Ақтау және Шымкент қалаларына орындалып жатыр.
 
Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті мүдделі мемлекеттік органдармен, сондай-ақ отандық және шетелдік әуе компанияларымен бірлесіп, Таяу Шығыс елдерінен Қазақстан азаматтарын елге жеткізуді жалғастырады.