Шымкентте қаржы пирамидасы 700 млн теңгеден астам қаражат жинаған

Шымкентте қаржы пирамидасы 700 млн теңгеден астам қаражат жинаған
Фото: magnific.com

«Капитал» атауымен инвестициялық платформа ретінде жасырын әрекет еткен қаржы пирамидасына 900 салымшы ақша салған, деп хабарлайды Elordainfo.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаменті жүргізген тергеу бойынша, күдікті әлеуметтік желі арқылы азаматтардан 20-дан 500 мың теңгеге дейін қаражат тартқан. Оларға 3–5 күн ішінде салым сомасын 30–50 пайызға дейін өседі деп сендірген.

Пирамиданы ұйымдастырушы жаңа қатысушыны тарту үшін психологиялық әсер ету тәсілін қолданған. Атап айтқанда, «жылдам табыс» туралы уәде беріліп, шектелген уақыттағы ұсыныс айтылған, сол арқылы азаматтарға қаржылық тәуекелді толық бағаламай, асығыс шешім қабылдауға итермеленген.

Алайда табысқа тек ауызша кепілдік берілген, нақты кәсіпкерлік қызмет немесе қандай да бір шартты міндеттеме ұсынылмаған. Ал шын мәнінде, салымшыға төлем жаңа қатысушыдан түскен қаражат есебінен жүргізілген.

Нәтижесінде қаржы пирамидасына 900-ден астам салымшы тартылып, жалпы салынған қаражат көлемі 700 млн теңгеден асқан.

Еске сала кетсек, Boxy Wealth қаржы пирамидасына қазақстандықтар 110 млн теңге қаржы салған.