05.12.2025
RU
Мәзір

Шетелдік туристердің Қазақстанға қызығушылығы 3 есе артқан

|
Шетелдік туристердің Қазақстанға қызығушылығы 3 есе артқан
Фото: Оңалхан Өнерхан

Биыл Қазақстанның  туристік тартымдылығы негізгі халықаралық нарықтарда айтарлықтай артты. «Kazakh Tourism» компаниясы танымал онлайн-туристік агенттіктерде елдің негізгі туристік өнімдерінің ұсынылуына жүргізілген кешенді зерттеуді қорытындылады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Талдау бес басым нарықты қамтыды: Қытай, Еуропа, Оңтүстік Корея, Жапония және Ресей. Іріктеу жекелеген орналастыру орындарын емес, Қазақстанға турларды сатуға мамандандырылған платформалар арасында ғана жүргізілді.

Зерттеу нәтижесі бойынша 5 мемлекеттің шетелдік онлайн-туристік агенттіктерінде елімізге келуді ұсынатын 962 тур анықталды. Бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 3 есеге жуық көп.  Ұсыныстардың географиясы турлардың басым бөлігі (59%) Алматы мен Алматы облысына тиесілі екенін көрсетеді. Ұсынылу деңгейі бойынша Астана үшінші орында.

«Қазақстанның бірнеше өңірін бірден қамтитын турлар санының айтарлықтай өскені байқалады. Олардың саны 2023 жылмен салыстырғанда 7 есеге жуық көбейді. Бұл шетелдік аудиторияның мазмұнды әрі ұзақ маршруттарға қызығушылығының артқанын көрсетеді. Жалпы зерттеу нәтижелері Қазақстанның негізгі нарықтарда өзінің қатысуын  айтарлықтай күшейткенін көрсетеді. Осы зерттеу негізінде туроператорлар әлеуетті және жаңа даму мүмкіндіктерін нақты бағалай алады», - деп атап өтті «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Турөнімдерді дамыту департаментінің директоры Маржан Траиспаева.


Еуропалық саяхатшылар экологиялық-шытырман бағыттарға, этно-мәдени бағдарламаларға және қалалық турларға басымдық береді.

ҚХР туристері трансшекаралық және аралас сапарларға жоғары қызығушылық танытады. Ctrip платформасында табылған турлардың жартысына жуығы аймақтағы бірнеше елді бірден қамтитын маршруттардан тұрады.

Оңтүстік кореялық қонақтар белсенді демалысты мәдени және табиғи орындармен ұштастыратын экологиялық-шытырман турлар мен аралас бағдарламаларды жиі таңдайды.

Парсы шығанағы елдерінің саяхатшылары негізінен Қазақстандағы эко және этно - туризм элементтері бар қалалық турларға баса назар аударады.

Бұған дейін еліміздегі қонақ үйлер биыл 7,8 млн мейманды қабылдағанын жаздық.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗