Қазақстандық колледж оқытушылары Қытайда жасанды интеллект бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтті

Бүгін, 19:01
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Қазақстандық колледж оқытушылары Қытайда жасанды интеллект бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтті
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Қазақстанның барлық өңірлерінен іріктелген 20 колледж оқытушысы Қытайдың Ухань бағдарламалық қамтамасыз ету инженерлік кәсіптік колледжінде жасанды интеллект (AI) бағыты бойынша халықаралық тағылымдамадан өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап. 

Тағылымдама бағдарламасы жасанды интеллект саласындағы мемлекеттік саясат пен оқыту әдістемесін, заманауи бағдарламалық қамтамасыз ету технологияларын, сондай-ақ смарт-автомобильдер мен трансшекаралық e-commerce бағыттарындағы практикалық дағдыларды қамтыды.

Бағдарлама аясында қатысушылар Ухань қаласындағы жетекші IT және өндірістік компанияларда болып, жасанды интеллект технологияларының нақты өндірістік үдерістерде қолданылуымен танысты.

Тағылымдама қорытындысы бойынша оқытушылар практикалық емтиханды сәтті тапсырып, халықаралық үлгідегі сертификаттарға ие болды. Аталған жоба Қазақстан мен Қытай арасындағы кәсіптік білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайтып, болашақтағы бірлескен бастамаларға негіз қалады.

Еске салайық, бұған дейін елордада оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған форум өткені туралы хабарладық.