Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейден халықаралық турнирде топ жарды
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы шайбалы хоккейден Астанада өткен Eurasia Jastar Cup халықаралық турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Шешуші матчта отандық команда Ресейдің U16 жасөспірімдер құрамасымен кездесті. Бұған дейін қос команда да Беларусьтің U17 құрамасы мен Ресейдің әйелдер құрамасын екі реттен жеңген болатын. Қазақстандық хоккейшілер Беларусь командасын 3:0 есебімен, ал Ресейдің әйелдер құрамасын 9:4 нәтижесімен ұтты. Ал Ресей құрамасы бұл қарсыластарын тиісінше 2:1 және 10:0 есебімен жеңді.
Ақтық ойында қазақстандықтар алғаш болып есеп ашты. Қарсылас команда таразы басын теңестіргенімен, айдын иелеріне қайтадан алға шығу үшін небәрі 10 секунд жеткілікті болды. Екінші кезеңде Таир Бигаринов есепті 3:1-ге жеткізсе, үшінші кезеңде ол хет-трик жасап, матчтың нүктесін қойды – 4:1.
Осылайша, үш матчтың үшеуінде де жеңіске жеткен Қазақстан құрамасы турнирдің жеңімпазы атанды.
Еске салайық, Қазақстан 2029 жылы қысқы Азия ойындарын өткізеді.