Президент парламент сайлауында жеңіске жеткен Петер Мадьярды құттықтады

Бүгін, 17:33
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Президент парламент сайлауында жеңіске жеткен Петер Мадьярды құттықтады
Фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Петер Мадьярды Мажарстандағы парламент сайлауында жеңіске жетуімен құттықтады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы дауыс беру нәтижесі мажар халқы TISZA партиясының жетекшілері мен бағдарламасына жоғары деңгейде сенім білдіргенін көрсетіп, бұл Мажарстанның орнықты дамуын қамтамасыз ететінін атап өтті.

Президент Астананың Будапештпен стратегиялық серіктестікті нығайтуға айрықша мән беретініне тоқталып, қос халықтың игілігі үшін екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Петер Мадьярдың аса жауапты қызметіне табыс, ал достас мажар халқына құт-береке тіледі.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрайымы Ләззат Шыңғысбаеваны қабылдады.